- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында 36...
Жамбыл облысында 36 жолаушыны жалған нөмірмен тасымалдаған автобус жүргізушісі анықталды
Жамбыл облысында 36 жолаушыны жалған нөмірмен Түркістан облысына тасымалдаған автобус жүргізушісі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бір күнде полицейлер жол қозғалысын қадағалау кезінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 131 жол ережесінің бұзушылығын анықтады.
"Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 3 жүргізуші, заңсыз қайта жабдықтағаны үшін - 10, техникалық байқаудан өтпегені үшін - 19, маневр жасау ережелерін бұзған - 24, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін - 13, тағы 13-і қозғалыс жылдамдымдығын асырғаны үшін жүргізушілер жауапкершілікке тартылды", - деді Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов.
Сонымен қатар, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының 350-шақырымында полиция қызметкерлері Алматыдан Түркістан облысына бағыт алған жалған тіркеу нөмірлік белгімен "Yutong" қалааралық автобусты басқарған 49 жастағы жүргізушіні анықтады.
Жолаушылар автобусы айып тұраққа қойылып, 36 жолаушы басқа автобуспен жеткізілді. Сот шешімімен құқық бұзушы 2 тәулікке қамауға алынды және 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірінші күні айып тұраққа барлығы 12 қоғамдық көлік қойылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина