- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында 2025...
Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 13 су қоймасы салынбақ
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Астанада өткен брифинг барысында өңірдегі суармалы сумен қамтамасыз ету бағытындағы атақарылып жатқан жұмыстарды баяндады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңадан салынуы көзделген су қоймаларының жалпы сыймдылығы - 46,2 миллион текше метр. Қазір жалпы көлемі 1,4 миллион текше метр болатын 3 су қойманың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Жасоркен ауылындағы гидрологиялық бекеттің және қолданыстағы 2 су қойманың (650 миллион текше метр) жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Облыстың алты ауданында су инфрақұрылымдық нысандарын жөндеу жұмыстары жүзеге асып жатыр. 2027 жылға қарай халықаралық қаржы институттарының қаржылық қолдауымен ұзындығы 876 шақырым және суармалы алаңы 69 мың гектар алқап болатын 361 су шаруашылығы нысаны қайта жаңғыртудан өтеді деп жоспарланған.
Вегетациялық кезеңде су тапшылығы орын алатын аудандарда жер асты суларын пайдалануға басымдық беріліп, ұңғымалар қазу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 103 ұңғыма іске қосылған, тағы 543 ұңғыма қазу көзделген.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар вегетациялық кезеңде трансшекаралық су көздеріне тәуелділікті 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді деп күтледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!