Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты Жамбыл облысындағы қозғалыс шектеулі аймақтарда шамамен 2 мыңға жуық көлік жолда тұрып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жамбыл облысында қозғалыс шектеулі аймақтарда шамамен 2 мыңға жуық көлік, оның ішінде 1385 жүк көлігі мен 25 автобус жиналған. Патрульдік полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды жылыту орындарына орналастырып жатыр", - делінген Рolisia.kz хабарламасында.
Жолда қалған адамдар жылыту орындарында демалып, ауа райының тұрақталғанын күте алады, сонымен қатар жүргізушілерді ыстық шаймен қамтамасыз етіп жатыр. Қар құрсауында қалған көлік жолаушылары автобуспен, полицияның қадағалауымен теміржол вокзалына жеткізіліп, үйлеріне жіберіледі.
Полицейлер жүргізушілерді ауа райының қолайсыз кезінде жолға шықпауға және көліктің техникалық жағдайын тексеруге шақырады.
Ауа райы жағдайы мен көлік қозғалысы шектеулері туралы ескертулерге міндетті түрде назар аударыңыз.
Еске салайық, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 13 облысындағы жолдар әлі де жабық.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова