• 516.01
  • 490.7
  • 5.17

Жамбыл облысында 182 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жамбыл облысында 182 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Фото: Massaget.kz

Жамбыл облысында 182 гектар жер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Жамбыл облысының Байзақ ауданында сүт өнімдерін өндіру және өңдеу, сондай-ақ, ірі қара малын күтіп-бағу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. 

"Нұрлы-жай" шаруа қожалығы - жобаға 400 миллион теңгеге жуық инвестиция салған және облыстағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі.

Алайда инвестор үш жылдан астам уақыт бойы инвестициялық жобаны одан әрі жүзеге асыру үшін жергілікті әкімдіктен егіс алқабын ала алмаған. Жергілікті атқарушы орган бос жердің жоғына сілтеме жасаған.

Қадағалау жүргізу барысында прокурорлар осы ауданда аумағы 182 гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы учаскесін анықтап, мемлекетке қайтарды.

Прокуратура бұл жер учаскені инвесторға бір ай ішінде берді.

Бөлінген жерлер инвестициялық жобаны дамытуға пайдаланылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек