- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысы ПД...
Жамбыл облысы ПД бастығы Желіде тараған видеоға байланысты қызметінен шеттетілді
Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты қызметінен уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Instagram желісінде оның қарамағындағыларға әдепсіз сөз айтып жатқан видеосының үзіндісі жарияланды.
Ескерту! Видеода боқтық сөздер бар!
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының қатысуымен жарияланған видеоның негізінде Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу тағайындалды", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Өңірге кадр саясаты департаментінің бастығы және ІІМ жеке қауіпсіздік қызметінің өкілдері жіберілген.
"Қызметтік тергеу жүргізу кезеңінде облыстық полиция департаментінің бастығы А. Баймурзин қызметінен шеттетілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Баймурзин 2022 жылғы ақпанында Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан