- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысы бойынша...
Жамбыл облысы бойынша QazAvtoJol директорының орынбасарына қандай айып тағылғаны белгілі болды
Антикор "ҚазАвтоЖол" лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты Жамбыл облысында "Қордай" өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Залалдың алдын ала сомасы 194 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен барлық күдікті: "Қазавтожол" филиалы директорының орынбасары, мердігер ұйымның өкілі және техникалық қадағалау сарапшысы қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Еске салайық, бұған дейін Антикор Жамбыл облысы бойынша QazAvtoJol директоры орынбасарының ұсталғанын растаған еді.
"Соталды тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз", - делінген Антикордың Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан