ТЖМ өкілі құтқарушылар Жамбыл мен Алматы облыстарында су тасқынының қалай алдын алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Кеше түнде Алматы мен Жамбыл облыстарының ТЖМ бөлімшелері мен әкімдік қызметтерінен 200 адам мен 45 техника 5 елді мекенді су басудың алдын алды", - делінген хабарламада.
Қар күрт еруі нәтижесінде егістіктерден ағып келген еріген қар суын бұру бойынша жедел жұмыс жүргізілген. Бұған дейін су басқан аула аумақтарындағы суды шығару жұмыстары жалғастырылған.
"Бір түнде жүргізілген су бұру каналдарының жалпы ұзындығы 18 мың метр, елді мекендерге жақын жердегі сорылған су 16 мыңнан аса текше метр болады", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Түркістан облысында бәрі қалпына келтірілген. Сырдария, Арыс және Бөген өзендеріндегі тәулік бойы жұмыс істейтін 14 су бекетінің жұмысы жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!