Жамбыл және Жетісу облыстарында екі жол көліктің барлық түрі үшін жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі, жауын-шашын, боран, екпіні күшті жел, жолдың дұрыс көрінбеуі) екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Жамбыл облысында - 1 учаске (95 шақырым)
1. "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж, Кенен а.– Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) - 95 шақырым;
Жетісу облысында - 1 учаске (100 шақырым)
1. "Үшарал-Достық" Көктұма ст. – Достық ст. - 100 шақырым.
Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.
Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!