- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамай бермей, жаңасын...
Жамай бермей, жаңасын салу керек: желіде Атырау вокзалы қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желіде Атырау вокзалындағы жағдай қызу талқыға түсіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті Instagram парақшалардың бірінде қала вокзалында адам көп жиналғаны, халық кішкентай балалармен, жүктерімен кезекте тұрғаны көрінетін видео тарады.
"Бірінші жол толық жабылған, адамдар туннель арқылы өтуге мәжбүр, әрбір адамды метал детектор арқылы бір-бірден өткізіп жатыр, барлығы жүктерін тексеріске тапсыруға мәжбүр", - делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары арасында да вокзалға қатысты көп сын айтылған.
"Мұнайлы астананың вокзалы дейді-ау мынаны да", "Вокзалға тексеріс жасау керек екен", "Жаңа вокзал салатын уақыт болды ғой ескіні жамай бермей", "Мұнайлы Атыраудың вокзалы деп айтуға ұяласың", "Вокзал да, әуежай да келісіп тұрған жоқ", - деді олар.
Мәселеге "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ өкілдері пікір білдірді. Оқиға 22 тамызда болған.
"22 тамызда Атырау вокзалына № 29 Алматы - Атырау пойызы екінші жолға келген. Пойыз жолаушылары көп болуына байланысты олар қалаға туннельдің негізгі жолы және апат жағдайындағы жол арқылы шыққан. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, жолаушылар мен қала қонақтарынан жағдайды түсінуді сұраймыз.
Қазір бірінші жолға вагон саны аз пойыздар келіп жатыр. Атырау вокзалының перроны күрделі жөндеуден өтеді, ол 2025-2026 жылдарға жоспарланған", - деп жауап берді ҚТЖ өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін су тасқынына байланысты төтенше жағдай кезінде де Атырау вокзалында адам көп жиналғаны байқалды. Дегенмен жедел штаб өкілдері халық қаладан жаппай кетіп жатыр деген ақпарат жалған екенін мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова