- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жаман ұялып отырмын"....
"Жаман ұялып отырмын". Ырысбала Икрамбай Қайрат Нұртасқа алғыс айтты
Танымал блогер, қайырымдылықпен айналысып жүрген Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртасқа алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Таңғы сағат 7:30-да түнімен ұйықтамай аэропортқа келіп, таңғы рейстен қалып, одан кейінгі рейске билет алып отырғаным осы. Ұлық болсаң, кішік бол дегеннің айқын дәлелі Қайрат Нұртас ағау рақмет, чемоданымды көтеріп, ұшаққа алып келіп орналастырғаныңызға. Алла берген бақты бағалап көтере білу - ердің ісі! Бағыңыз еселенсін. Қайрат Нұртас сияқты Алла бақ беріп, халық еркелетіп төріне шығарса, мен біреудің чемоданын көтермек түгілі бірақ адаммен араласпай кететін едім. Өзімнің мұрын шүйірткен кездерімді есіме алып, жаман ұялып отырмын", - деп жазған ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек