Қазіргі заманда әлемдегі жаман жаңалықтарды естімей қалу мүмкін емес: жаңалықты өзіңіз оқымасаңыз да, басқа біреуден естисіз. Сондықтан өз эмоцияларыңызбен жұмыс істеп үйрену керек болады. Психолог Елена Митрохина жаман жаңалық оқығаннан кейін өзіңізді нашар сезінсеңіз не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.
Қазір адамдарды алаңдататын жағдайлар көп. Әлем бойынша экологияның өзгеруі, жиі болып жатқан табиғи апаттарды айтпай-ақ, еліміздегі қандай да бір қылмыстық немесе зорлық-зомбылық оқиға жайлы оқып қалсаңыз, бұл сізді күні бойы мазалауы мүмкін. Адамдар әртүрлі: кей адамдар жаман жаңалықты бірден ұмытып кетуі мүмкін, ал басқаларға ол маза бермейді. Жаман жаңалық оқығаннан кейін өзіңізді нашар сезінсеңіз, не істеу керек?
Жаман жаңалықтар сізді ұзақ уақыт бойы мазаламас үшін мына кеңестерді орындаңыз:
- Ең қарапайым, бірақ маңызды ереже: интернетте өткізетін уақытты шектеу керек. Қажет болса, интернетті өшіріп, телефонды әрі қойып қойыңыз.
- Медитация мен терең тыныс алуды үйреніңіз. Мұндай техникалар зейін қоюға және ақыл-ойды тыныштандыруға көмектеседі.
- Жаман жаңалықтардың сізге әсерін азайтудың тағы бір әдісі – физикалық белсенділік: серуендеу, йога, белсенді жаттығулар.
- Жаман жаңалықтардың әсерінен арылуға жақын адамдарыңызбен сөйлесу көмектеседі. Жақындарыңызға жаман жаңалықтар оқығаннан кейінгі өз сезімдеріңіз бен эмоцияларыңыз жайлы ашық айтудан ұялмаңыз. Сол кезде өз уайымдарыңызбен жалғыз қалмайсыз.
Жылдам өзіңізге келу үшін не істеу керек?
- Терең тыныс алыңыз. Бар зейініңізді тыныс алуға қойыңыз. Бұл күйзеліс деңгейін азайтуға көмектеседі;
- Зейініңізді қазіргі сәтке аударуға тырысып көріңіз. Мысалы, денеңізге немесе айналаңыздағы дыбыстарға мән беріңіз. Бұл жаман жаңалықтар жайлы ойлардан арылуға және ақылды тыныштандыруға көмектеседі.
- Физикалық белсенділікке аздап уақыт бөліңіз. Аз уақыт болсын серуендеп келіңіз, бірнеше рет отырып-тұру неесе созылу жаттығуын жасаңыз. Бұл денеңіздегі күшті түсіруге және көңіл күйіңізді жақсартуға көмектеседі.
- Позитивті аффирмацияларды қолдануға болады. Ол үшін позитивті сенімдерді қайталаңыз: "Мен күйзелісті жеңе аламын", "Мен өз эмоцияларымды бақылауда ұстай аламын" және т.б.
- Жағдайыңызды қабылдаңыз. Жаман жаңалықтар оқығаннан кейінгі эмоцияларыңыз бен сезімдеріңізді қабылдауға, өткеруге мүмкіндік беріңіз. Өзіңізге мінсіз болмауға рұқсат беріңіз және барлық эмоция келіп-кететінін түсініңіз.
Егер сізге қосымша қолдау қажет болса, мазасыздығыңыз артып, ол ұйқысыздыққа жалғасса, өз уайымдарыңыз жайлы кәсіби психологтармен сөйлесуге болады.
Оқи отырыңыз: Өзіңді күйзелістен қорғаудың 10 жолы