- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жаман болып қалады...
"Жаман болып қалады екенсің". Жанар Айжанова қызынан немересін қызғанатынын жасырмады
Фото:
zhanar_aizhanova
Халық әртісі, әнші, актриса Жанар Айжанова қызынан немересін қызғанатынын жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Adal Adam Youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.
"Қазір қызымның баласын бағып жатырмын ғой. Қызым келе жатқанда "ақ мамаң келе жатыр" деп айтамын. Ал үйде немерем ұйқыға кеткенде қызым баланың қасына жатады да, мен аулақ кетемін. Сонда немерем анасының қойнына кіріп, иіскелеп, пысылдап жатады. Қызғанады екенсің. Жаман болып қаламын. Әжелерді түсінемін. Біздің халқымызда немересіне жанын беруге дайын тұратындай мейірім барын маққтанышшпен айтуға болады", - дейді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек