Жалпыға бірдей декларацияны 13 миллион қазақстандық тапсырады

Жалпыға бірдей декларацияны 13 миллион қазақстандық тапсырады
Фото: depositphotos.com

2025 жылы жалпыға бірдей декларацияны 13 миллион қазақстандық тапсырады. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналист министрге "2025 жылдан бастап қазақстандықтар табыс декларациясын тапсыруға міндетті. Бүгін қандай дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр? " деген сұрақ қойылды.

Мәди Такиев тиісті жұмыстар жүргізілгенін жеткізді.

"Біз жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңін өткізуге дайынбыз. Жалпыға бірдей декларацияланы шамамен 13 миллион адам тапсырады. Біз декларацияны өткізуге дайынбыз. Сондай-ақ аудандарда Мемлекеттік кірістер басқармасының 222 консультациялық орталығы жұмыс істейді және 1414 нөмірі бойынша консультация алуға болады. Екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жүргізілді. Қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін декларацияны қабылдау бойынша сервис іске қосылды. Сондай-ақ, интернет жоқ жерде декларацияны қабылдай үшін "Қазпошта" АҚ-мен жұмысты пысықтаймыз", - деді қаржы министрі.

Декларациялау: оны тапсырмағандарға қандай жаза қолданылады?

Аяз Есен 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz