Екі дүркін Олимпиада чемпионы атағына ие өзбек боксшысы Баходир Жалолов кәсіпқой бокстағы жолын жалғайды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
Париждегі Олимпиада ойындарынан кейін ол әуесқой бокстан кеткенін айтып, кәсіпқойға біржола ден қоятынын хабарлаған еді.
Баходир келесі жекпе-жегін 6 ақпан күні Мореальда (Канада) өткізеді. Француз боксшысы Давид Спилмонмен (16-8-1, 11 КО) жұдырықтасады.
Спилмон BoxRec рейтингінде 157-орында тұр. Соңғы рет 16 қараша күні отандасы Артем Чернякевичті (4-36-1) жекпе-жек уақытынан ерте жеңіп шыққан.
Жалолов болса кәсіпқой бокстағы жекпе-жегін 2023 жылдың 17 қарашасында өткізген. Ташкенттегі бокс кешінде оңтүстікафрикалық Крис Томпсонды бірінші раундта нокаутпен жеңіп шыққан болатын. Кәсіпқой бокстағы 14 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп келеді.