- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жалқаулық ағзадағы қандай...
Жалқаулық ағзадағы қандай бұзылыс туралы айтуы мүмкін? Дәрігер жауап берді
Сіз жиі ешнәрсе істегіңіз келмей, айналаға деген немқұрайлылық пен энергияның жоғын байқайсыз ба? Дәрігер-эндокринолог Екатерина Казачкова, егер үнемі әлсіздік пен шаршауды сезінсеңіз, не нәрсеге назар аудару керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Мұндай жағдайда сіздің ұйқыңыз қаншалық қанып жүргеніне мән беру керек. Дәрігер түнде кем дегенде 6-8 сағат ұйықтау керегін айтып, оған қоса дұрыс тамақтану мен күн тәртібін де дұрыстау қажеттілігін жеткізді.
"Ас мәзірінде тез қорытылып кететін тәтті, тоқаш секілді жылдам көмірсулар көп, дұрыс тамақтанбайтын адамның энергиясы жоқ болады, себебі ол құнарлы тамақ жемейді", - деді Екатерина Казачкова.
Дәрігер әлсіздік гипотиреоз немесе анемия сияқты ауруларды айтуы мүмкін екенін түсіндірді. Ол барлық қажетті медициналық сынақты тапсырған жөн екенін айтты. Оның айтуынша, ең алдымен қалқанша безінің жұмысын тексеру керек.
"Мидан қалқанша безге өтетін бақылаушы, қалқанша безді ынталандыратын гормонға талдау тапсыру керек. Оның деңгейіне қарап денеде қалқанша безінің гормоны жеткілікті ме, жоқ па, гипотиреоз бар-жоғын анықтаймыз. Келесі сұрақ: анемия жоқ па? Егер ағзада ашық анемия болса, яғни гемоглобин деңгейінің төмендеуі немесе жасырын темір тапшылығы болса, онда жалқау болады", - деді ол.
Сонымен қатар, дәрігер "кез келген созылмалы ауру не созылмалы вирустық жүктеме" энергияны төмендететінін бөлісті.
Айта кетейік, бұған дейін жалқаулықты жеңудің 5 әдісі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жердің ішкі құрылымын қалай зерттейді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә