- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жалғыздығымды мойындаған едім"....
"Жалғыздығымды мойындаған едім". Танымал әнші күйеуімен таныстығы туралы айтты
Фото:
Әлеуметтік желіден
Әнші Мақпал Исабекова күйеуімен кездескенге дейін күйзелісте болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, сол күйзелістен соң қазіргі күйеуін жолықтырған. Мұны әнші басына қонған бақ деп білетінін айтты.
"Мен сатқындықты кешіре алмадым. Шынайы сенімім тапталғанда өзіме "бәрі бітті, осы жетеді, ештеңе де керек емес, қарым-қатынасқа да ұмтылмаймын, тұрмысқа да шықпаймын" деп ойладым. Жалғыз қалатынымды іштей қабылдағандай болдым. Елестетіп, жалғыздықтан қорықпай, бәрін жібердім. Сол кезде күйеуіммен кездестім",- деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы