"Жалғызбын деп айта алмаймын". Әнші Шахизада жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

"Жалғызбын деп айта алмаймын". Әнші Шахизада жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
Фото: Әлеуметтік желіден

Әнші Шахизада "Махаббатпен сырласу" бағдарламасында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі әйел ретінде жалғыз болғанымен іздеушісі көп екенін атап өтті.

"Менде о баста отбасыма, бала-шағама көмектесу деген жауапкершілік бар. Соны өзім жауапкершілік етіп алып алғанмын. Қасымда да сондай мықты, жауапкершілікті көтеретін, еті тірі, тірлігі бар ер-азамат болғанын қалаймын. Сондай азамат жолықса, көңіліне қарап, ол үшін бәрін жасауға тырысасың ғой. "Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан". Жалғызбын деп айта алмаймын, бірақ әйел ретінде жалғызбын. Себебі 24 сағат телефоным қосылып тұрады. Іздейтін адамым көп, шүкір", - деді әнші.

Әнші жақсы көретін азамат бар екенін айтты.

"Мені жақсы көретін ер азамат бар. Күнде болмаса да аптасына екі рет кездесіп, шай ішіп тұрамыз. Бір-бірімізге уақыт табуға тырысамыз", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы