- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жалғыз тұрған: Павлодар...
Жалғыз тұрған: Павлодар облысында өрттен зардап шеккен ер адамның денесі табылды
Фото:
depositphotos.com
Павлодар облысы Шарбақты ауданында өрттен зардап шеккен ер адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қазан күні сағат 06:12-де Шарбақты ауданы Малинов ауылындағы үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
"Шақыртуға жеткен өртсөндірушілер дереу жалынды сөндіруге кірісті. Аумағы 15 шаршы метр ағаш еден және терезе жақтаулары өртенген, өрт сөндіру кезінде 1969 жылы туған ер адамның денесі табылды. Ол осы үйде жалғыз тұрған, – деп хабарлады департамент.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан