Ақтауда 38 жастағы жергілікті тұрғын Андрей Сотниченко жоғалып кетті. Көршілері ер адам көптен бері көзге түспей кеткенін байқаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Таныстарының айтуынша, Андрей 12-шағынауданда жалғыз тұрған. Көршілері оны бір апта бойы көрмеген, сондай-ақ, оларды үйдің терезелері айқара ашық тұрғаны алаңдатқан.
Осыған байланысты құтқарушылар мен полиция қызметкерлері шақырылған. Пәтердің есігі ашылғанымен, ішінде иесі болмаған.
"Әдетте оның дүкенге барып жүргені көрінетін, үйіне адамдар келіп-кетіп жататын. Ал бұл жолы бір аптадан аса уақыт тыныш болып қалды, терезелері екі жағынан ашық тұр", - деді таныстарының бірі.
Жоғалған ер адамның шашы ашық түсті, бойы шамамен 170 сантиметр. Оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтар +7 705 144 2541 (Юлия) нөміріне хабарласа алады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова