- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Жалғыз емеспін. Сәукеле...
“Жалғыз емеспін. Сәукеле киіп ұзатыламын“. Мөлдір Әуелбекова жоспарын бөлісті
Танымал қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова сұхбат беріп, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақ болған. Сұхбат барысында әлі де болса өз бақытын табатынына үміттенетінін айтқан.
"Әкеме "Мен әлі сәукеле киіп ұзатыламын" деп айтамын. Сол бұйырсын деп тілеймін. Тағдырыма не жазылғанын білмеймін ғой. Сондықтан сондай бұйрық болып жатса, мен қарсы емеспін. Болмай жатса, оған да шүкір деймін. Жалғыз емеспін. Ол орынды толтыратын менің халқым бар, өзімді бақыттымын деп айта аламын", – дейді әнші.
Сонымен қатар Мөлдір Әуелбекова ешнәрсеге өкінбейтінін айтты. Мұндай шешімге келуіне Аллаға деген сенімі себеп болыпты.
"Мен ештеңеге өкінбеймін. Өмірімде болып жатқан жағдайлардың бәрі Алланың қалауымен, Құдайдың жазған тағдырымен болып жатыр деп ойлаймын. Өкініш деген нәрсе – Алланың саған бұйырғанына келіспеу. Олай ойлаудың өзі қорқынышты. Менде еш өкініш жоқ. Барлығы өз орнымен, өз уақытымен болып жатыр деп ойлаймын", – деді ол.
Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова "1001 түн" бағдарламасында берген сұхбатында да тұрмысқа шыққысы келетіні туралы айтқан болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева