- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жалғыз баламды 47...
"Жалғыз баламды 47 жасымда дүниеге әкелдім" - актриса Гүлнар Байбосынова
Актриса Гүлнар Байбосынова жалғыз баласын 47 жасында дүниеге әкелгенін айтты. Бұл туралы өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұған себеп ата-анасы болған.
"Мен жүре беріппін. Алғашқы кездері бизнесті бастап кеттім. Біз де ел қатарлы соған кірісіп кеттік. Көзді ашып-жұмғанша 15 жыл өтіп кеткен. Арасында сіңлімді тұрмысқа бердім. Үнемі жүгіріп жүріп өзімді ұмытып кетіппін. Қарасам 2010 жыл болып қалған. Ол кезде 47-ке кетіп бара жатқанмын. Бір күні анам "балам-ау, түсінемін, жиендерің бар, бірақ өзіңнің ішіңнен шыққандай болмайды ғой. Қазір медицина дамып жатыр, ЭКО деген бар, әкең де уайымдап жатыр" деді. Жарайды деп дәрігерлерге бардым. Олар "кішкене кешіккеніңізде мүлде болмас еді" деді. 47 жасымда дүниеге Жәңгір ханды өмірге әкелдім", - дейді актриса.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина