- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жалғыз асыраушым -...
"Жалғыз асыраушым - осы бала". Мұрат Әбділданың анасы үшінші топ мүгедегі атанғанын айтты
Түрмедегі Мұрат Әбділданың анасы Фәрида Жанәділова баласы туралы Turkistan TV арнасына сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Анасы 2001 жылдан бері ауырады екен.
"Өзім 2001 жылы қатты науқастанып қалғанмын. Қазір үшінші топ мүгедегімін. Жалғыз асыраушым осы бала. Заңға өкпем жоқ. Әркім өзінің істегенін көтереді. Бірақ сотқа баламды аман-есен шығарып беруге көмектессе екен. Жағдайымды көріп отырсыздар. Баламның бір ауыз сөзінің өзі үлкен көмек болар еді. Халықтан ақша емес, баламның бостандыққа шығуы керек болып тұр", - дейді ол.
Оның айтуынша, ананың бар арманы - немере сүю.
"Балам бостандыққа шықса, той жасаймын. Әр ананың арманы - немере сүю ғой. Менің де арманым сол. Оның бәрін болашақ көрсетеді ғой", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы