Бүгін, 24 маусымда қазақстандық боксшы Жалғас Жұмағұлов (14-8) Джексонвиллде (Флорида, АҚШ) UFC on ABC 5 турнирінде америкалық Джошуа Вангпен (7-1) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана уақытымен кеше түнде қарсыластар көз түйістіру рәсімін өткізді. Оның видеосы UFC Eurasia Instagram парақшасында жарияланған. Шара қарсаңында турнирге қатысушылардың ресми салмағын өлшеу рәсімі де өтті. Жұмағұлов 56,92 келі нәтиже көрсетіп, жеңіл салмақтағы шекті (57 келі) орындады.
Айта кетсек, Жұмағұлов - Ван жекпе-жегі Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады. Тікелей эфирді UFC-дің ресми сайтынан тамашалауға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!