Алматыда жалған түбіртектермен алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, күдікті бұған дейін де алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Алдын ала мәліметке сәйкес ол шағын азық-түлік дүкендерінің иелері мен сатушыларын алдау арқылы пайда тапқан. Күдікті арнайы қосымшаларды пайдаланып, жалған электрон чектерді алдын ала дайындаған.
"Дүкенде есеп айырысу кезінде сатушыға жалған чек көрсетіп, ақша аударылғандай әсер қалдырған, алайда нақты төлем жасалмаған. Осылайша тауарды тегін алып отырған. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова