Жалған төлқұжатпен шекарадан өтпек болған шетелдік ұсталды

Жалған төлқұжатпен шекарадан өтпек болған шетелдік ұсталды
Фото: gov.kz

Қазақстан шекарасын жалған төлқұжатпен кесіп өтпек болған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18 қаңтарда Түркістан облысының "Жібек жолы" өткізу пунктінде шетел азаматы басқа адамның төлқұжатымен Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтуге әрекеттенген.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан шекарашылар жалған және басқалардың төлқұжаттарын пайдаланудың 16 дерегін анықтаған.

"2024 жылы халықаралық қатынас жолдарында 400-ден аса осындай құқықбұзушылықтардың жолы кесілді. ҰҚК шекара қызметі жалған және бөтен құжаттарды пайдаланып, шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget