- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жалған парақша ашып,...
Жалған парақша ашып, жігіттермен танысқан: Қызылордада үш әйел ұсталды
Қызылорда облысында жалған парақша ашып, ер адамдармен танысқан бір топ әйел ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияға ер адам жүгініп, сәуірден бастап белгісіз әйелдер жеке сипаттағы суреттері мен хаттар үшін 500 мың теңге талап еткенін айтқан.
Іздеу нәтижесінде облыстың үш тұрғыны ұсталды. Facebook-те жалған парақша ашқан әйелдер әлеуметтік желілерде абыройға кір келтіретін мәліметтерді таратпау үшін одан ақша сұраған.
Бопсалаушылардан барлығы 8 адам жапа шеккен. Заттай дәлелдеме ретінде бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленген.
ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Екі күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшіншісіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас деректерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова