Жалған нөмірмен жүрген тұрғын көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін

Абай облысында жалған нөмірмен жүрген тұрғын көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автокөлікті анықтады. Бақылау камераларын қадағалау барысында құқықбұзушылық тіркелген. Оперативтік іс-шаралар нәтижесінде облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тұрғынға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Бұл бапта жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқарғаны, сондай-ақ нөмірлерді анықтауға кедергі келтіретін немесе нөмірді өзгертетін құрылғылар мен материалдарды пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Құқықбұзушыға 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Құқықбұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!