“Жалған марапат“. Криштиану Роналду “Алтын доп“ жүлдесі туралы

“Жалған марапат“. Криштиану Роналду “Алтын доп“ жүлдесі туралы
Фото: dmytro.larin.gmail.com/depositphotos.com

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду "Алтын доп" туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Португалиялық жұлдыз футболдағы ең беделді марапаттың әділдігіне күмән келтірді.

Оған "Биыл "Алтын допты" кім алады?" деген сұрақ қойылды.

"Менің ойымша, бұл – "жалған" марапат", – деді Роналду.

Айта кетейік, бұл – Роналдудың "Алтын доп" сыйлығына қатысты алғашқы сыны емес. Бұған дейін ол Бразилия құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Винисиус Жуниордың бұл марапатқа лайық болғанын, бірақ алмай қалғанын ашық айтқан.

Криштиану Роналду – "Алтын доптың" бес дүркін иегері (2008, 2013, 2014, 2016, 2017).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget