Атыраулық полицейлер жалған жарнама арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, алаяқтар ғаламтор желісіне, olx, krisha.kz секілді сайттарға заманауи үйлерде орналасқан пәтерлерді және садақа өткізуге арналған киіз үйлерді жалға беретіні туралы жалған жарнама шығарған. Оған қызығушылық танытқан Атырау қаласының тұрғындарынан алдын ала төлем ретінде әртүрлі көлемдегі ақшаны есеп шоттарына аудартып алу арқылы алаяқтық жасаған.
Бұл іске қатысы 1996, 1990, 1995 жылдары туған бұрын сотты болған Орал қаласының тұрғындары ұсталды.
Қазір олардың 12 іске қатысы бар екені анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз