- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жалған айғақ бергені...
Жалған айғақ бергені үшін қандай жаза қарастырылған?
Кейбір жағдайларда айыпталушының туыстары, дос не таныстары жақынына көмектесіп, жазасын жеңілдету үшін жалған айғақ беріп жатады. Дегенмен олар мұндай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін білмейді. Адвокат Асел Бикенова Желідегі парақшасында құзырлы орған өкілдеріне жалған ақпарат бергендерге заң бойынша қандай жаза қарастырылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Адвокаттың айтуынша, жауап алуға шақыртылған азаматқа жалған айғақ үшін қылмыстық жауапкершілік қолданылатынын ескертілуі керек.
"Сізге жалған айғақ үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілуі керек. Егер сіз айғағыңызды өзгерткен болсаңыз, күдіктіге, сотталушыға қатысты бұрмаланған айғақтар берсеңіз немесе айыпталушыны кінәлау немесе ақтау үшін өзіңіз білетін фактілерді жоққа шығарсаңыз және сіздің айғақтарыңыз қылмыстық іс материалдарына қайшы келсе, сіз ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз. Бапта 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген", - дейді Асель Бикенова.
Айта кетейік, егер сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша не пайдакүнемдiк ниетпен берілген жалған ақпарат үшін азамат 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Еске салайық, бұған дейін cізді жауап алуға шақырса, нені білуіңіз керек екені хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Соқырішектің белгілері қандай? Аппендикс жарылса, не болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә