Жалға берілетін тұрғын үй іздеу кезінде алаяқтардың құрбанына айналу оңай. Krisha.kz сарапшылары өзіңді және қаражатыңды алаяқтардан қалай қорғау керегіне кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Пәтерді брондау үшін төлейтін кепілақша - тараптардың бір-біріне сенімділігінің белгісі. Алайда мәселенің бәрі осы кепілақшадан басталады. Алаяқтар ақшаны алып, жоғалып кетуі немесе жалға беруге құқығы жоқ немесе мүлдем жоқ пәтерді ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайға тап болмас үшін қалай дұрыс әрекет ету керегін білу маңызды.
Дәстүрлі схема: алаяқтар хабарландыру сайттарына жағдайы жақсы тұрғын үйдің суреттерін орналастырып, оған төмен баға белгілейді. Жылжымайтын мүлікті жалға алуға ниеттілер жазған кезде зиянкестер "бағаның көтерілетінін немесе жалға алатын адам табылғанын" айтып, асықтырады. Сөйтіп үйді брондау үшін кепілақша алып, хабарландыру мен байланыс жоғалады.
Бұл схемада алаяқтар жалға алушыны мәміленің заңдылығына сендіру үшін пәтерге басқа адамдардың құжаттарын пайдаланады. Ақша алынғаннан кейін жалға берілетін тұрғын үй оларға тиесілі емес екені анықталады.
Тағы бір танымал тактика - жалған хабарландыру сайттары. Алаяқтар Krisha.kz сайтына ұқсас сілтеме жіберіп, төлем үшін карта деректерін енгізуді сұрайды. Осыдан кейін ақша алынады, байланыс үзіледі. Есіңізде болсын, нағыз қолдау қызметі ешқашан үшінші тарап ресурсына өтіп, жеке деректерді енгізуді сұрамайды.
Бірінші кезекте - полицияға хабарласып, арыз жазыңыз.
Екінші кезекте - барлық құжатты, хат-хабарды және чекті сақтаңыз.
Үшінші кезекте - ақшаны қалай қайтаруға болатынын білу үшін адвокатпен кеңесіңіз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!