- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жалға үй алу
Жалға үй іздеу кезінде қалай алаяқтарға алданып қалмауға болады?
Жалға берілетін тұрғын үй іздеу кезінде алаяқтардың құрбанына айналу оңай. Krisha.kz сарапшылары өзіңді және қаражатыңды алаяқтардан қалай қорғау керегіне кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Неліктен кепілақша бермеген жөн?
Пәтерді брондау үшін төлейтін кепілақша - тараптардың бір-біріне сенімділігінің белгісі. Алайда мәселенің бәрі осы кепілақшадан басталады. Алаяқтар ақшаны алып, жоғалып кетуі немесе жалға беруге құқығы жоқ немесе мүлдем жоқ пәтерді ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайға тап болмас үшін қалай дұрыс әрекет ету керегін білу маңызды.
Алаяқтар қолданатын схемалар
1. Елес пәтер
Дәстүрлі схема: алаяқтар хабарландыру сайттарына жағдайы жақсы тұрғын үйдің суреттерін орналастырып, оған төмен баға белгілейді. Жылжымайтын мүлікті жалға алуға ниеттілер жазған кезде зиянкестер "бағаның көтерілетінін немесе жалға алатын адам табылғанын" айтып, асықтырады. Сөйтіп үйді брондау үшін кепілақша алып, хабарландыру мен байланыс жоғалады.
2. Жалған меншік құқығы
Бұл схемада алаяқтар жалға алушыны мәміленің заңдылығына сендіру үшін пәтерге басқа адамдардың құжаттарын пайдаланады. Ақша алынғаннан кейін жалға берілетін тұрғын үй оларға тиесілі емес екені анықталады.
3. Фишингтік сілтемелер
Тағы бір танымал тактика - жалған хабарландыру сайттары. Алаяқтар Krisha.kz сайтына ұқсас сілтеме жіберіп, төлем үшін карта деректерін енгізуді сұрайды. Осыдан кейін ақша алынады, байланыс үзіледі. Есіңізде болсын, нағыз қолдау қызметі ешқашан үшінші тарап ресурсына өтіп, жеке деректерді енгізуді сұрамайды.
Өзімді алаяқтардан қалай қорғай аламын?
- Құжаттарды тексеріңіз. Меншік иесінен пәтерге меншік құқығын растауды сұраңыз. Егер сіз делдалмен сөйлесіп жатсаңыз, оның қолында мүлік иесінің сенімхаты бар екеніне көз жеткізіңіз. Құжаттардағы деректерді жалға берушінің төлқұжатымен мұқият тексеріңіз.
- Кепілақша шартын жасаңыз. Шарт - сіздің заңды қорғауыңыз. Онда нақты ақша сомасын, тараптардың мәліметтерін және ақшаны қайтару шарттарын көрсетіңіз.
- "Егер қазір төлемесеңіз, пәтерді басқа біреу алады" деген сияқты тіркестер күдікке себеп бола алады. Сондықтан деректерді тексеріңіз, мәліметтерді нақтылаңыз, бас тартудан қорықпаңыз.
- Тым төмен бағадан аулақ болыңыз. Нарықтан әлдеқайда төмен бағамен жалға берілетін пәтерден абай болыңыз. Мұндай жағдайларда ақпаратты екі рет тексерген дұрыс.
- Сілтемелерге мұқият болыңыз. Әрқашан сайттың мекенжайын тексеріңіз. Егер күмәніңіз болса, тікелей қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Алаяқтардың құрбаны болсаңыз, не істеу керек?
Бірінші кезекте - полицияға хабарласып, арыз жазыңыз.
Екінші кезекте - барлық құжатты, хат-хабарды және чекті сақтаңыз.
Үшінші кезекте - ақшаны қалай қайтаруға болатынын білу үшін адвокатпен кеңесіңіз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә