Жалға алушылар мерзімінен бұрын көшіп кетсе, пәтер иесі ақшаны қайтару керек пе?

Жалға алушылар мерзімінен бұрын көшіп кетсе, пәтер иесі ақшаны қайтару керек пе?
Фото: https://vk.com

Жалға алушылар көшетін болса пәтер иесіне бір ай бұрын ескертуі тиіс, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.

Заңгер Елена Дуланың айтуынша, жалға алушы көшетін болса, пәтер иесіне бір ай бұрын ескертуі тиіс.

"Жалға алушы мен беруші арасында келісім жасалғандықтан, сіз оның ережелерін басшылыққа алуыңыз керек. Құқық нормалары бойынша жалға алушы шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде ол бұл туралы пәтер иесіне кемінде бір ай бұрын ескертуге немесе осы ай үшін шартта белгіленген төлемді төлеуге міндетті. Егер көрсетілген мерзім басталғанға дейін немесе шарттың қолданылуын тоқтататын өзге де мән-жай бір айдан кем болса, көрсетілген мерзім тиісінше қысқартылады. Жалға алушы шартты сақтамаса (бір ай бұрын ескерту), жалға беруші ақшаны қайтаруға міндетті емес", - деді заңгер Елена Дула.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда қай қалада пәтер жалдау бағасы қымбат екені туралы хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек