Елімізде әлеуметтік осал топқа жататындар мемлекеттен пәтерді жалдау ақысының 50 пайыз мөлшерін ала алады. Судсидиялау тәртібін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі реттейді. Жалдамалы тұрғын үйге берілетін субсидиялау қалай жүзеге асырылады? Оған кімдер және қалай қатысады? Massaget.kz тілшісі түсіндірді.
Субсидия ай сайынғы жалдау ақысының 50 пайызына тең және ел бюджетінен (80 пайызы - республикалық бюджеттен, 20 пайызы - жергілікті бюджеттен) төленеді.
Ереже бойынша субсидия әлеуметтік осал топқа жататындарға төленеді, олар:
Жалға берілетін тұрғын үйді қазақстандық отбасылар өз бетінше іздейді. Оның құнын есептеу кезінде бірнеше факторларды ескеру қажет.
Тұрғын үйді жалға алудың 1 шаршы метрінің бағасы жыл сайынғы АЕК деңгейі мен облыстың немесе қаланың белгілі бір коэффициенті негізінде қалыптасады.
Алдымен жалға берілетін тұрғын үйдің ауданын тексеріңіз. Егер сіз тапқан үйдің ауданы рұқсат етілгеннен көп болса, сіз рұқсат етілген ең үлкен аумақты, ал аз болса, нақты ауданды есептейсіз. Алынған жалдау сомасын келісімшарт бойынша жалдау ақысының сомасымен салыстырамыз және субсидияны есептеу үшін азын таңдаймыз, содан кейін екіге бөлеміз.
Мәселен, 5 адамдық отбасы Алматы қаласында ауданы 60 шаршы метр пәтерді 200 000 теңгеге жалға алғысы келеді.
160 000 теңге / 2 = 80 000 теңге пәтерге субсидия мөлшері.
160 000 - 80 000 = 80 000 теңге жалға алушы төлейді.
Қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет;
Отбасы банкте ашылған депозит. Отбасы банкінде депозиттің болуы төлемдер аударылатын арнайы шотты автоматты түрде ашуға мүмкіндік береді;
Пайдаланушы otbasybank.kz сайтының басты бетінде өзінің субсидиялауға үміткер азаматтар тізімінде бар-жоғын тексереді. Ол үшін порталда ЖСН мен телефон нөмірін енгізу қажет.
Егер пайдаланушы жалға алуды субсидиялауға үміткерлер тізімінде тұрса және банктің клиенті болса, онда өтініш беру мүмкіндігі бар басты бетке өтеді;
Пайдаланушы өтініш береді. Ол үшін төлем алуға өтініш пен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қояды. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін жүйе деректерді өңдейді және отбасының құрамын өзі анықтайды;
Отбасы құрамы анықталғаннан кейін отбасының әрбір кәмелетке толған мүшесі otbasybank.kz сайтына "қонақ" ретінде кіріп, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға құқық беру туралы келісімге, кірістер туралы мәліметтердің дұрыстығы туралы келісімге қол қояды. Өтініштерге ЭЦҚ көмегімен қол қойылады;
Жүйе деректерді тексереді және үміткер субсидияға немесе дәлелді бас тартуға рұқсат алады.
Егер мақұлданса, онда хабарламада пайдаланушы тұрғын үйді жалға ала алатын аймақты, тұрғын үйдің көлемін, жалдау ақысының максималды мөлшерін және ол талап ете алатын субсидияның максималды мөлшерін көреді;
Субсидия алуға мақұлдау өтінім мақұлданған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жарамды. 1 (бір) күнтізбелік ай өткеннен кейін өтінім жойылады;
Айта кетейік, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Massaget.kz редакциясы жолдаған ресми сауалына жауапта, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы төлем алу үшін 40 713 өтінім берілгені айтылады. Алайда оның ішінде 15 706 өтінім ғана мақұлданған, сондай-ақ 17 693 өтінім мерзімінен бұрын тоқтатылып, бүгінге 10 мыңға жуық өтінім бойынша төлем жүргізіліп жатыр.
Биыл жекелеген санаттағы азаматтардың жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 8 миллион 286 мың 399 теңге сомасында қаражат бөлінген.
Судсидия алатындардың басым бөлігі "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар алады.
Сондай-ақ төлем алушылардың саны бойынша Шымкент, Алматы, Астана қалалары, Түркістан және Қызылорда облыстарында басымдық байқалады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!