Қостанайда тұрғыннан 6 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен 18 бен 20 жас аралығындағы бопсалаушылар қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілер жәбірленушіні жалдамалы пәтерде ұстап, сондай-ақ оны қала сыртына шығарып, ұрып-соғып, денсаулығына қауіп төндірген.
Заңсыз әрекеттер барысында бопсалаушылар 1 миллион теңге сомасында ақшалай қаражатты иемденген, бірақ олар одан әрі ақша талап ете берген. Жәбірленуші полицияға арыз берді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 3-бөлігі және 126-бабы, 2-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір топтың екі мүшесі қамауға алынды, үшіншісі үй қамауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!