“Жалаңаш, тоңып қалған“. Павлодарда үш күн іздестірілген жігітті балықшы тауып алды

“Жалаңаш, тоңып қалған“. Павлодарда үш күн іздестірілген жігітті балықшы тауып алды
Фото: Midjourney нейрожелісі

Павлодарда үш күн іздестірілген жігітті балықшы тауып алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Vita еріктілер ұйымының мәліметінше, ер адам балыққа барған кезде бір дауысты естігенін, алайда артынан басылып қалғанын айтқан.

Ал келесі күні ұмытып кеткен заттарын алып кету үшін барғанда қолын бұлғап, "Көмектесіңдер!" деп, анасын шақырған жігітті көрген, алайда ол қайтадан жоқ болып кеткен. 

"Көмекке шақырған Вася болып шықты. Жалаңаш, тоңып қалған, бірақ тірі. Ер адам дереу бізге хабарласып, құтқарушыларды шақырды, дегенмен олар екі сағаттай бармаған. Сондай-ақ жанындағы саңырауқұлақ терген адамдар да қоңырау шала бастаған. Біз бірден ол кетіп қалған мекеменің қызметкерлеріне хабарластық, геолокациясын жібердік", – дейді еріктілер. 

Еске салайық, мүгедектігі бар, сөйлеу және есту қабілеті бұзылған Василий Кульчевский 29 қыркүйекте Мичурин ауылында жоғалып кеткен.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан