- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жалаңаш суретіңді таратамыз"...
"Жалаңаш суретіңді таратамыз" деп бопсалаған". 15 жастағы қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты
Түркістан облысы, Төрткүл ауылында 15 жастағы қызды 8 сәуірдің түнінде өлтіріп кеткен екі күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Сот Нұрсұльан есімді қойшы баланы 16 жылға бас бостандығынан айырса, экс-әкімнің ұлын 1 жыл, 4 айға үйқамаққа жіберген. Алайда Аружанның анасы бұл үкіммен келіспейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Көреміз" бағдарламасында айтылды.
Былтыр 8 сәуірде Аружан Орынбайды қос ауылдасы "жалаңаш суретіңді таратамыз" деп, ақша бопсалаған. Бір күннен кейін қыздың денесі арық маңынан табылды. 9 ай тергеуден кейін бір ғана күдікті жаза арқалаған. Аружанның отбасы бұл үкіммен келіспейтінін алға тартты.
"Қан қолымен жер ұстағаны көрінді. Сол күні жаңбыр жауған еді, қолымен жер тырмалаған", - деп еске алды анасы.
Екі жігіт Аружан Орынбайдан жалаңаш суреті үшін ақша бопсалаған. Тергеу нәтижесінде, суреттегі қыздың Аружан емес екені анықталды. Сот үкімімен бірі 16 жылға бас бостандығынан айырылса, экс-әкімнің ұлы 1 жыл 4 айға үй қамаққа жіберілген.
"Мен сотпен келіспеймін. Мүлдем түсіне алмай отырмын. Әділ болған жоқ. Жазасын алып жатқан жоқ. Мен әділдік іздеймін. Төлеп есімді бала бәрін мойындады. Әке-шешесі кешірім сұрап келді. Ал Бейбарыс мойындамай отыр",- дейді Аружанның анасы Динара Зілқараева.
Ал Бейбарыс есімді баланың әпкесі інісінің бұл қылмысқа қатысы жоқ дейді. Оның айтуынша, тергеушілер інісін ұрып-соққан, осылайшы інісі мойындауға мәжбүр болған.
"Оны ұстап алып, басына пакет кигізіп, саусақтарын мыжып, қылмысты мойындатқызған тергеушілер. 19 жастағы жігіт, өтірік айтса бетіне шығып қалар еді ғой. Ол өлтірсе жаназасына қалай барады? Жаназасында да жүрді ғой",- дейді Бейбарыстың әпкесі.
Бейбарыстың әпкесінің сөзіне тергеуші жауап берді.
"Бұл айтып жатқандарының бәрі сотта анықталмаған. Бұл айтқандарына ешқандай дәлелдері жоқ. Дәйексіз сөйлеп жатыр. Сол күні сараптама жүргізілген денесіне. Денесінде ешқандай жарақаттары болмаған",- дейді тергеуші.
Аружанның анасы сот үкіміне келіспей, аппеляцияға берген. Екінші тарап, Бейбарыс Беріктің адвокатыда істің әлі дұрыс ашылмағанын алға тартып, аппеляцияға берді.
"Мен сіздің аяғыңызға жығылар едім. Бейбарыс "кінәлі емеспін" деп отыр. "Мен ол жерде болмадым" деп отыр. Ол кінәлі болса аяғыңызға жатар едім", - дейді Бейбарыстың анасы.
Бағдарлама аяғында бұл іс бас прокурор Берік Асыловқа жолданды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек