Ақтөбеде 40 жастағы Толғанай Молдағалиева жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Әйел 23 тамызда таңғы сағат 4-те үйден шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған. Ол психдиспансерде есепте тұрады. Еріктілер қала тұрғындарынан іздеуге көмек сұрады.
"Әйел есепте тұрады, психикалық ауытқуы бар. Төртінші рет жоғалып отыр. Бұған дейін оны полиция қызметкерлері, бей-жай қарамайтын адамдар және еріктілер тапты. Бірақ бұл жолы жоғалғанына үш күн өтті, нәтиже жоқ. Жалаң аяқ кеткен", - деді Zello poisk еріктісі Екатерина Голотина.
Іздеуге еріктілер, ТЖД, полиция жұмылдырылған. Толғанай Молдағалиева қоңыр көйлек киген.
Әйелді көрген, орналасқан жері туралы ақпарат білген жағдайда 102 немесе 8 707 881 20 98 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!