Ақтөбе облысында жоғалған әйел далалы жерден табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
40 жастағы Толғанай Молдағалиева 4 тәулік бойы іздестірілді. Ол 23 тамызда таңғы сағат 4-те үйден шығып кетіп, оралмаған. Ол психдиспансерде есепте тұрады. Еріктілер қала тұрғындарынан іздеуге көмек сұрады.
26 тамызда әйелді шопан тауып алған, ол Алға ауданында далалы жерде жүрген.
"Толғанайды күндіз-түні еріктілер, полиция, ТЖД қызметкерлері іздеді. Оны іздеу үшін тікұшақ ұшырылды, дрондар қолданылды. Әйелді даладан шопан тапты. Оның дені сау, жағдайы жақсы", - деді Zello Poisk командасының еріктісі Екатерина Голотина.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 40 жастағы Толғанай Молдағалиева жоғалып кеткені хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз