Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернетте жарияланатын хабарландыру арқылы азаматтарды шетелдегі "жалақысы жоғары жұмысқа" тарту дерегі көбейгенін айтып, мұндай ұсыныстар қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, түрлі хабарландыру сайттарында "табысы жоғары, жол ақысы мен жатын орны тегін, тәжірибе мен тіл білуді талап етпейтін оңай жұмыс ұсынамыз" деп хабарландыру жасайды. Мұндай хабарландырулар көбіне Telegram-дағы арналарда, WhatsApp топтарында және өзге де онлайн алаңдарда таратылады.
Алайда, ІІМ мәліметінше, шетелге барған азаматтар іс жүзінде мүлде басқа жағдайға тап болуы мүмкін:
Сақтық үшін мына жайттарды ескерген жөн:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!