ОЛХ сайтында қазақстандықтарға қомақты ақша ұсынып, Донбассқа жұмысқа шақырған хабарландыру пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі elitar.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайтта ғимараттарды қалпына келтіру бойынша вахталық жұмыстар пайда болды. Хабарландыру мәтініне сәйкес, ең бастысы жұмысқа деген ниеттің болуы керектігі жазылған. Жалақысы апта сайын төленеді. 800 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін.
"Біз үшін вахтада жұмыс істегеннен кейін сіздер бізге қайта оралғандарыңыз маңызды. Сондықтан біз қызметкерлерге қамқорлық жасаймыз және адал боламыз", - делінген хабарламада.
Жұмыс беруші вахтаға ақысыз, көлікпен жеткізуге, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйдің ақысын төлеуге уәде береді. Украина Қарулы Күштерінің Бас штабының мәліметінше, Орталық Азия Республикасының азаматтары Донецк облысының Горловка қаласында Ресей әскерлерінің құрамында. Бастапқыда Өзбекстан азаматтары Мариупольге құрылысшылар ретінде барған. Бірақ соңында олардың құжаттары алынып, еріктілер ретінде әскери қоймаларға жұмылдырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!