Лайықты демалысқа шығайын деп жатырсыз, бірақ зейнетақыны қалай рәсімдеу керегін және зейнетақы төлемінің мөлшері қандай болатынын білмейсіз бе? Бұл сұрақтарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews-ке сілтеме жасап.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 2024 жылы әйелдер 61 жаста, ерлер 63 жаста зейнетке шығатынын айтты. Олар қазақстандықтардың зейнетақысы үш бөліктен тұратынын айтты:
Болашақ зейнетақыңыздың мөлшері шамамен қанша болатынын білгіңіз келсе, БЖЗҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторын қолдануға болады:
"Мысалы, қазір жасыңыз 59-да, еңбек өтіліңіз 1998 жылға дейін 5 жылды құрайды. Айына орташа 100 мың теңге жалақы аласыз және жинақтаушы жүйедегі өтіліңіз – 17 жыл. Шамамен жинағыңыздың сомасы – 4 800 000 теңге. Осы мәліметтерді зейнетақы калькуляторына енгізіп, "есептеу" батырмасын басамыз. Зейнетке шығатын 63 жасқа 2028 жылы толатыныңызды көреміз. Жиынтық зейнетақыңыздың мөлшері шамамен 86 316 теңгені құрайды".
Бұл жерде 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліңіз ескерілетінін ұмытпаңыз. Егер 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліңіз болмаса және жинақтаушы жүйеде өтіліңіз болмаса, бұл сома айтарлықтай азаяды.
БЖЗҚ-да зейнеақы төлемдерін рәсімдеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына барып, өтініш беру керегін айтты.