Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов "Уақыт көрсетеді" жобасына берген сұхбатында отбасын асырау үшін бірнеше жерде жұмыс істеп жүргенін жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Экс-министрдің айтуынша, қазіргі кезде бірнеше жұмыста қатар істеп жүр.
"Сот шешіміне сәйкес, маған және әріптесім Олжас Әбішев екеумізге 1,3 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған еді. Мұндай ақша біздің қолымызда жоқ болғандықтан, сот түрлі заң шараларын енгізеді, соның бірі банктік шоттарды тексеру. Бастапқыда бәрі бұғатталады, кейін соманы төлеуді бастаймыз. Әрине, бізге жұмыс істеуге рұқсат бар. Ай сайын өкіметке жалақымның белгілі бір мөлшерін төлеймін. Бұл өте маңызды мәселе, өйткені менің де отбасым, әйелім, бала-шағам бар. Менің қазіргі негізгі жұмысым - жекеменшік сектордағы медициналық компанияда басшы болып жұмыс істеймін, бұл жұмысқа министрліктен кеткеннен кейін шақырды. Қосымша, осы соңғы бір жылда қоғамдық ұйымда "Белгілі қызмет" деген медициналық қызметкерлердің кәсіподағында кеңесшімін. Сонымен қатар, дәрігер ретінде өзіме маңызды іс, түрлі ғылыми жоба, конференцияларға қатысып, сабақ беремін. Қазіргі кезде "денсаулық сақтау саласындағы менеджементке" арналған оқу курстарға шақырған, соған сабақ беріп, лекция өтуге дайындалып жүрмін", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Босанғаннан кейінгі депрессияның белгілері қандай?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз