Жалақым басқа әкімдермен бірдей: Көкшетау әкімі Бауыржан Ғайса арнайы сұхбат берді

Елорданың тап іргесінде тұрғанымен елімізде жылу электр стансасы жоқ жалғыз қала - Көкшетауда шешімін таппаған түйткілді мәселелер жетерлік. Халықты әсіресе ауызсу, жол, көлік қатынасы жылу сияқты қарапайым қажеттіліктер аса қатты толғандырады. Шаһар әкімі қаладағы қордаланған проблемаларды қаншалықты шеше алып жүр? Қаланы дамытуда қандай жоба-жоспары бар? Қала әкімінің күнделікті жұмысы қалай басталып, қалай өтеді? Облыс орталығының әкімі лауазымына орналасқанына екі жылдан астам уақыт өткен Бауыржан Ғайса мырзамен Massaget.kz тілшісі арнайы сұхбаттасқан еді.

 Сұрағымыз қала әкімінің жұмыс күні қалай басталып,  қаншада тұратынынан басталды

Мен таңғы 6:00 де тұрамын, таңғы 7:00-ден жұмысым басталады. Әр күнімді баспасөз құралдарын оқудан бастаймын. Қала туралы жақсы немесе жаман мәселелер жазылғанына мән беремін. Егер өзекті мәселелер жазылған болса, дереу тапсырма беремін және бұл мәселені жеке бақылауыма аламын. Қажет болған жағдайда, мәселе туындаған жерге барамын. Біздің тұрғындар маған бұл жағынан көп көмектеседі, өйткені физикалық тұрғыдан барлық жерде болу және бәрін білу мүмкін емес. Көп уақытым кабинеттен тыс өтеді, өйткені қаланың тіршілік ету нысандарын көбірек тексеруім керек. Қазір біз жылыту маусымына дайындық мәселесін пысықтап жатырмыз, өйткені бұл мәселе өте маңызды.

 

Ал жалақысына қатысты сұраққа "барлық әкімдердің жалақысы сияқты деп ойлаймын. Шамамен 800 мың теңге шамасында аламын" дейді.

Одан әрі сұрағымыз әлеуметтік желідегі белсенділігіне ойысты.
 

Шыны керек, бос уақытым болмағандықтан, әлеуметтік желілерде таңертеңнен кешке дейін отыра алмаймын, физикалық тұрғыда уақыт жетіспейді. Негізінен таңертең жұмысқа дейін, түскі ас кезінде және кешке жұмыстан кейін, кешкілік уақытта әлеуметтік желіні зерделеймін. Ия, әлеуметтік желілерді өзім бақылаймын. Біздің қаланың тұрғындары маған тікелей хат жазады. Бұл жерде қала тұрғындары белсенді ұстанымға ие екенін атап өткен жөн. Әрине бұл қуантады, өйткені олар бізге өзекті мәселелерді жедел шешуге көмектеседі.

"Әкімдер елдімекендерде жаяу жүруі керек" деп Президент қатаң ескерту жасаған еді. Осыған орай әкім "Мен үнемі жаяу жүруге тырысамын. Егер қалада жаяу жүрмесем, қаланың мәселелерін қалай білем?!" дейді. 

Одан әрі қала әкімдігіне келіп арыз-шағымын айтатындар көп. Олармен қалай кері байланыс жасайтынын, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін қалай шешетінін сұрадық. 

Әрбір өтініш жеке қаралады. Иә, шағымдар шынымен келеді. Егер олар жеке қабылдауға жүгінсе, әрине, біз бірінші кезекте толығымен тыңдаймыз. Қажетті шараларды қабылдаймыз. Егер олар жазбаша түрде жүгінсе, тыңдаймыз, зерделейміз және қарастырамыз. Біз жауаптарды заңмен белгіленген мерзімде жібереміз.

Қаладағы әлеуметтік мәселелер де назарымыздан тыс қалмады. 

Застанционный (Шанхай) шағын ауданында халықпен кездесу кезінде 15 көшенің асфальт төсеуге әзірленгенін, көшелерге жарық орнатылғанын айтыпсыз. Оған 50 миллион теңге жұмсалған көрінеді. Бірақ жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл жұмыстар орындалмаған. Неге осылай болды? Қаржы қайда жұмсалды және бұл жолдарға қашан асфальт төселіп, көшелерге жарық орнатылмақ?

Егер видеоны мұқият қарасаңыз, онда әңгіме тек Застанционный шағын ауданындағы жол туралы ғана емес, Көкшетау қаласындағы жұмыстар кешені туралы болғанын көресіз. Жолдарды орташа және шұңқырлы жөндеуден басқа, жарықтандыру тіректерін орнату да бар. Бүгінгі таңда біраз жұмыс атқарылды. Егер біз 2 жыл бұрынғы кезді салыстыратын болсақ, онда жақсы жаққа өзгерістер бар екені байқалады. Қазіргі уақытта қиыршық тас жабыны бар 11 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде қиыршық тас төгу, тегістеу, тығыздау жатады. Жалпы ұзындығы 10,641 шақырымды алып жатқан Чернышевский, Лермонтов, Көктерек, Станиславский, Иманов, Аймауытов, Тұмар, Космодемьянская, Цеткин, Павлов, Ковалевская көшелері жөнделді. Сонымен қатар, ауданы 4214 м2 болатын шұңқырларды жөндеу есебінен Ақан, Мичурин, Л.Чайкина, Ынтымақ көшелеріндегі жолдар жөнделді. Шағын аудан бойынша 200 дана жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін бұл жұмыс аяқталады.

Қалада ауыз су мәселесінің сапасы, ішуге жарамсыздығы, колонкалардың жиі істен шығуы сияқты мәселелер жиі көтеріледі. Облыс әкімі 2024 жылдың соңына дейін қалада ауыз судың сапасы ішуге жарамды болатынын айтты. Нақты көкшетаулықтар қашан таза ауыз су ішеді?
 

Сапалы ауызсумен қамтамасыз ету қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда Көкшетау тұрғындары екі көзден қоректенеді: Шағалалы және Сергеевка су қоймасы. Негізгі су қоймасы - Шағалалы су қоймасы. Күніне Шағалалы су қоймасынан шамамен 20000 текше метр және Сергеевка су қоймасынан шамамен 6 текше метр аламыз. Біз суды 250 теңгеге сатып алып, ал халыққа 100 теңгеге сатамыз, қалғаны бюджеттен субсидияланатынын айта кету керек. Кәсіпорын жағдайы тым нашар. Сумен жабдықтау желілерінің тозуы 49%, кәріз желілерінің тозуы 73%-ға жеткен. Су жинаудың негізгі көзі - Шағалалы су қоймасы болғандықтан, құнын арзандату үшін бүгінде су тазарту құрылыстарының жобасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың 11 мамырында "Caspian Contractors Trust" ЖШС мердігерлік ұйымымен Көкшетау қаласының су құбырларын тазарту құрылыстарын қайта жаңарту және кеңейту жұмыстары басталды. Металл конструкцияларын монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйыммен жасалған шарт сомасы - 5 197 550 824.25 тг. Ағымдағы жылға бөлінген сома 1,5 млрд. теңге. "Caspian Contractors Trust" ЖШС мердігерлік ұйымы негізгі жабдықты дайындауды бастау үшін "МЕТИТО" компаниясына алдын ала төлем енгізілді.


Қалада қоқыс мәселесі де өзекті. Қоқыс туралы сұрағымызға әкім бұл мәселенің де бақылауда екенін айтты. 


Біріншіден, біз қоқыс жинаумен айналыспаймыз, ол үшін қоқыс шығаратын компаниялар бар. Әркімнің өздері таңдаған компаниямен келісім жасауға мүмкіндігі бар. Екіншіден, тұрғындардың өздері қоқыс шығару үшін ақша төлегісі келмейтінін жасыра алмаймыз. Ондай фактілер баршылық. Осындай жағдайларға қарамастан, мәселені шешу үшін және үстіртін болмас үшін, біз қоқыс жинаудың орталықтандырылған жүйесіне конкурс өткіздік. Қорытындысы бойынша қызмет көрсететін компаниялар анықталды. Жедел ден қою мақсатында қала 4 учаскеге бөлінді. "ҚТҚ операторы: Көкшетау", "TAZA QYZMET", "EcoGroup 2020", "Clean City Aktobe" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қызмет көрсетеді. Әрбір алаңда орнатылған контейнерлер саны Көкшетау қаласында бекітілген тұрмыстық қалдықтарды жинақтау және қалыптастыру нормаларына сәйкес есептелген, күнделікті жинақталу санына сәйкес келеді. Соңғы уақытта көп шағым болған жоқ. Әлеуметтік желілерде Боровская, Юбилейная шағын аудандары бойынша шағымдар болғанын ғана айта аламын. Қоқысты уақтылы шығармау фактілері анықталған кезде біз тек шартты бұза алатынымызды айтқым келеді. Ал қалған мәселелер бойынша тұрғындар қоқыс шығаратын компаниялармен тікелей байланыса алады.


Қалада автобус қатынасына наразылық көп. Автобустар уақытында келмей жолаушылар сағаттап күтетін жайлар әсіресе Краснояр, Шанхай, Бірлік, Жайлау шағын ауданы бағыттарында көп. Сондай-ақ автобус тарифінің көтерілуіне де наразылық бар мәселені шешуде автобус парктерімен қандай жұмыстар атқарылатынын да сұрадық. 


 Ия, мұндай проблема жоқ емес. Бірақ тасымалдаумен біз емес, жеке ұйымдар айналысатынын атап өткім келеді. Біздің құзыретімізде олар тасымалдауды жүзеге асыратын маршруттарды анықтау.
Қала бойынша тасымалдауды 3 компания жүзеге асырады. Бұл автобус паркі, Сейнур және Бастау ЖШС-тері. Басты проблемалардың бірі - білікті автобус жүргізушілерінің тапшылығы. Бұл тек Ақмола облысында ғана емес, тұтас ел аумағында да аса өткір мәселе. Жүргізушілердің негізгі құрамы Кеңес дәуіріндегі тәжірибесі бар кадрлардан тұрады және жыл сайын олар азайып келеді. Жас жүргізушілер аз келеді және бос жұмыс орындарын толтыра алмайды. Мысалы, тек Көкшетау қаласы бойынша автокөлік кәсіпорындарында D санаты бар жүргізуші кадрлар штаты 56% - ға жасақталған және жоспар бойынша 308 жүргізуші қажет болса, тек 176 жүргізушіні құрайды. 132 жүргізуші тапшы болып отыр. Қазіргі уақытта ауысымдық жүргізуші құрамының болмауына байланысты автобустардың жүру кестесі қала тұрғындары тарапынан аса көп сын тудырады. Тасымалдаушылардың атына автобустардың қозғалыс кестелерінің сақталуы, сондай-ақ бекітілген конкурстық комиссияның автобустардың саны мен сыйымдылық класы бойынша маршруттардың толық жабылуы туралы хабарлама жіберілді.

Жазда жағалау мәселесі де өзекті. Қопа жағалауына бюджет қоржынынан қомақты қаржы бөлінді. Бірақ жұмыстар әлі аяқталған жоқ. Қарапайым әжетхана, жарық мәселесі әлі шешілмеген. Сонымен қатар Қопа көлін жағалай өтетін Жағалау көшесі орта жолдан тоқтап қалды. Осы жұмыс қашан аяқталмақ? 


Жағалаудың құрылысы 3 жобадан тұратынын біреу білсе, бірі білмес.
Бірінші жоба бойынша - Қопа көлі бойында Кенесары көшесінен Қан орталығына дейін жағалау аймағын салу жұмыстары аяқталды. Алайда, қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы Қан орталығынан ескі әуежайға дейін Қопа көлі бойындағы жағалауды абаттандыру жұмыстары толық аяқталған жоқ, мердігермен сот процестері өтіп жатыр. Сондықтан жұмыстар  уақытша тоқтатылды. Жыл соңына дейін "Қопа көлі бойында шағын ауданнан жағалау аймағын салу" жобасын іске асыруды аяқтау жоспарлануда. Ескі Әуежайдан Сарыарқа шағын ауданына дейін "Кенесары көшесінен көпірге дейінгі (2 кезек) Қопа көлі бойындағы жолдарды салу" жобасы бойынша конкурстық рәсімдер жарияланды.

 
- Әңгімеңізге рақмет.
 
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!