PR-коуч және медиа-тренер Ақерке Берлібай 80 миллион теңгеге қалай көлік алғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында журналист Гүлбану Әбенова мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ақерке Берлібай қалай 80 миллион теңгенің көлігін алғанын сұраған болатын.
"Министрлер өздері шешім қабылдай алмайтындай ақымақ па? Егер олардың өздерінің ақылы жетпесе неліктен министр болып отыр? Екіншіден, 91-жылғы қыздар мен жігіттер министрлерге қандай кеңес береді? Ақерке спорт министріне қандай кеңес беретінін білмеймін. Егер PR жөнінде болса министрдің өзінің баспасөз хатшысы бар емес пе. Асхат Ораловқа сонша PR маман не үшін керек?", - дейді журналист.
Бұл жазбаға қатысты Ақерке Берлібайдың өзі жауап берді.
"BMW менің арманым еді, оған нағыз найман қызы ретінде ақша жинадым. Көлік 2020 жылғы, шамамен бір жарым жыл бұрын, trade-in бағдарламасы бойынша сатып алдым. Олар барлық көлікті бантикпен береді", - дейді ол.
Ақерке Берлібай 2021 жылы мемлекеттік қызметтен кетіп, фрилансқа квазимемлекеттік секторға кеткен.
"Менде ашық, заңды түрде жұмыс істеп тұрған кәсібім бар - "Communix" байланыс агенттігі. Онда мен PR, коммуникациялар, көпшілік алдында сөйлеу бойынша білім беру қызметтерін көрсетемін және ұйымдар үшін де, жеке сессиялар үшін де тренингтер жүргіземін. Менің қаржылық кеңесшім, есепшілерім, заңгерім және адвокатым бар, олар менің салықты дұрыс төлеуім үшін әр құжатты қадағалап отырады. Сонымен қатар, көп ұзамай бизнесті жалпыға бірдей декларациялау, кез келген өзін-өзі құрметтейтін бизнес мұндай сұрақтар туындамас үшін бәрін дұрыс жасайды", - дейді ол.
Сонымен қатар, Ақерке Берлібай кеңесші қызметіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
"Желіде тараған роликте мен штаттан тыс кеңесші екенімді айтуды ұмытып кеткен. Ол үшін жалақы немесе басқа ақша алмаймын. Иә, көбін ойландырып қоятынын түсінемін. Біз қандай кеңес беруіміз мүмкін дегендей. "Не үшін тегін жұмыс істейді? Олай бола ма?" деп таңғалу да мүмкін. (...) Асхат Оралов - менің студент кезден бергі досым, сондықтан ол қатысатын шараларда мен де жүремін. Ал Мөлдір Әбдуалиева (Асхат Ораловтың баспасөз хатшысы - еск.) мемлекеттік сектордағы кәсіби баспасөз хатшылардың бірі және мен ол туралы үнемі айтып тұрамын", - дейді Ақерке Берлібай.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!