- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жақып Асанов бірқатар...
Жақып Асанов бірқатар елдің бас прокурорларымен лаңкестікпен күрес жайын талқылады
Қазақстанның Бас прокуроры Жақып Асанов «Прокурор және тергеуші» тақырыбында 2016 жылы 12-14 қыркүйек аралығында Дублин қаласында (Ирландия Республикасы) өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының 21-ші жыл сайынғы конференциясы және жалпы отырысына қатысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Форумда әлемнің 80-нен астам елдерінің жоғары қадағалау органдарының басшылары бас қосты.
Ашылу рәсімінде Ирландия Республикасы Мемлекеттік прокуратурасының басшысы Клэр Лофтус пен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Президенті Герхард Ярош сөз сөйледі.
Күн тәртібіндегі басты тақырыптар прокурорлар мен тергеушілер қарым-қатынасы, өзара құқықтық көмек туралы халықаралық шартардың рөлі, киберқылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, терроризммен және қылмыстың басқа да ұйымдасқан түрлерімен күресу, халықаралық қылмыстық сот төрелігі және дағдарыс жағдайындағы тұрмыстық мәселелер болды.
Форумға қатысушылар трансұлттық ұйымдасқан қымыстың алдын-алу, адам құқықтарының кепілін қамтамасыз ету, әділ сот, заң үстемдігі, қылмыстық жолмен табылған кірістер пен активтерді қайтару механизмдерін реттеу үшін прокуратура органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе және ақпарат алмасуды белсендендіру қажеттілігін атап өтті.
Қатысушылардың ортақ пікірі бойынша күн тәртібі мәселелерін талқылаудың өзектілігі халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғам және мемлекет мүдделерін қорғау бойынша әр түрлі елдердің қадағалаушы органдарының күштерін жұмылдыруға уағдалы.
Форум аясында Ж.Асановтың Дубай Әмірліктері, Ирландия Республикасы, Канада, Таиланд, Түркия, Чехия, Швейцария бас прокурорларымен, Сауд Арабиясы мен Әзербайжан бас прокурорларының орынбасарларымен, сондай-ақ ХПҚ басшылығымен келіссөздері өткізілді. Әріптестер халықаралық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасы, экстремизм және лаңкестікпен күресу аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар шарттық-құқықтық базаны кеңейту және күшейту, жедел ақпарат алмасу мәселелері қозғалды.
Келіссөздер барысында өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және болашағы талқыланды. Сұхбаттасушылар трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, экстремизм және терроризммен, есірткі саудасымен күресу бойынша өзара ықпалдастық, сонымен қатар адам құқықтарын қорғау, шарттық-құқықтық негізді нығайту, жедел ақпарат және жұмыс тәжірибесімен алмасуға қатысты пікір алмасты.
Дереккөз: inform.kz
T. Кіршібаев