"Жақыныма да айта алмадым". Құқық қорғаушы оқырманы жазған адамшошырлық хикаясын бөлісті

Құқық қорғаушы Ляззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманы жазған адамшошырлық хикаясын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"11-сынып оқып жатқан кезде бірге оқыған сыныптас жігіттер мені зорлауға жоспар құрған екен, алайда неге екені белгілісіз жоспары іске аспай қалады да, бір жігіт қана зорлап қашып кетеді. Сол сәттен кейін тірімін бе, жоқ әлде өлімін бе түсініксіз күйде жүрдім. Әке-шешеме де, туысқа да айта алмадым. Зорланған қыз кімге керек? Болашақта тұрмысқа шықсам, нендей жағдай болады деген сұрақ менің санамда жаңғырып тұрды. Қаншама түнім жылаумен өтті, Алла Тағала неге мен? не үшін? неге? деген сұрақтың жауабын сұрайтынмын. Қиналып бәрін ішке, жинап жүре беріп, соңында қатты күйзеліске түстім. Қалаға оқуға түстім. Оқуымды да жарты жолдан тастап кеттім, ішімдегіні жақыныма да айта алмай қатты күйзелістен бе, өз-өзімді жоғалтып алдым. Әкемнің інісінің үйінде жатып оқыдым. Інісінің үлкен ұлы маған тиісетінді шығарды, баста мән бермедім байқамаған адам сияқты жүрдім. Ұйықтап жатқанымда сипалап, жақындап, жатқанда оянып кеттім. Ауылға келіп жүргендеде тиісіп жүретін. Жеңгеме айттым, олар аң-таң маған сенбеді, ауылдан әжемді, ағамды шақырды. Олар да сенбеді. Менің жаным қатты ауырды, сіздерге сөзбен қалай жеткізерімді білмеймін, маған ешкімнің сенбейтінін біліп, өзімді ешкімге керек емес екенімді ұғындым", - деп жазған ол. 

Оқырманның айтуынша, ол үшінші қабаттан секіріп кетпек болған. Анасына бар шындықты айтқанда ол да теріс айналған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!