"Жақыным денсаулықпен сыналып жатыр". Төреғали Төреәлінің қарындасы халықтан 5 сағатта 30 млн теңге жинаған

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі халықтан көмек сұрап, аз уақыттың ішінде қомақты қаржы жинады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен сбор мүлде жасамаймын білесіздер. Алдыңғы жолы алғаш рет жасап күзетгі апаға оқырмандар болып жиналып жарты күнде 20 миллион теңге жинап үй алып берген едік. Бұл жолы жақыным денсаулықпен сыналып жатыр. Жақын адамыңның бұндай хәлге түсуін көру жүрекке қатты батады. Диагнозы өте ауыр. Өзі екі баланың анасы. Балалары анасын сағынып жүр. 7 күнде 40 млн тг операциясына табу керек болып тұр", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Фариза Төреәлінің оқырмандары өте жылдам әрі жомарт сияқты. 5 минутта 1 миллион теңге, 2 сағатта 15 миллион теңге, ал бар болғаны 5 сағатта 30 миллион теңге жиналған.  

 

 

 

 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз