10 маусымда бесінші қабаттан құлап кеткен үш жасар бала ауруханада қайтыс болды. Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Lada.kz басылымына растаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басқарма мәліметінше, баланың жағдайы ауыр болған. Алайда дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасағанымен үш жасар бала ауруханада қайтыс болып кетті.
Бала 22 маусымда 4 жасқа толар еді.
Еске салайық, оқиға 10 маусымда болған, 6-шағынаудандағы 24-үйдің бесінші қабатынан үш жасар бала құлап кеткен. Бала өздігінен дем ала алмағандықтан жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған болатын. Баланың жағдайы ауыр деп бағаланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!