Астрофизик әрі футурист Дэвид Брин адамзатты жақын болашақта не күтіп тұрғанын айтты. Оның ойынша, адамдар мен құлтемірлер арасындағы байланыста дағдарыс туындауы мүмкін. Оқиға 3-5 жылдың көлемінде болады деп пайымдайды ғалым.
Алдағы 3 жылда құлтемірлер еркіндік пен өз құқықтарын қорғауды талап ететін болады. Олар өздерінің жасанды интеллект екенін жақсы ұғынатын жағдайға жетеді.
Уақыт өте proxy-белсенділер де пайда болады. Бұл жаңа мамандық иелері құлтемірлер құқығын қорғаумен айналысады. Сондай-ақ, олардың міндетіне, керісінше, адамдарды жасанды интеллекттен қорғау да енеді.
Мәселені шешу мақсатында ғаламторды шектеу шарасы қолданылатын болады.